RU
Қазақтан шыққан тұңғыш суретші әйел туралы білесіз бе?
Жаңалықтар Қоғам

Қазақтан шыққан тұңғыш суретші әйел туралы білесіз бе?

Рассказать Вконтакте

Қазақтан шыққан тұңғыш суретші әйел Ғалымбаева Айшаны көпшілік біле бермейді. Ол елдің өнеріне сүбелі үлесін қосқан жан ретінде тарих бетінде қалды. Ғұмырын суретпен ұштастырған тұлғаның қолынан шыққан туындылары қазақ әйелдерінің көркем бейнесін көрсетеді. Өнер адамдары арасында кеңінен танымал қылқалам шебері туралы bugin.kz жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

фото: zharar.com

фото: zharar.com

Қазақ кескіндемешісі және кино суретшісі Айша Ғарифқызы Ғалымбаева 1917 жылы 29 желтоқсанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында өмірге келген.

Ол 1943 жылы Алматы көркемсурет училищесін аяқтады.

1949 жылы Мәскеу жалпыодақтық кинематографистер институтының мода өнері факультетін бітірді.

Суретшінің еңбектерінде қазақ әйелдерінің көркем бейнесі бейнеленген.

Оның кез келген туындысынан халқының өнеріне деген ерекше махаббатты көруге болады.

Ғалияның негізгі еңбектері: "Сәукеле", "Көктем және күз" және т.б.

Ол Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1961), Қазақстан халық суретшісі (1967), қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші.

Атақты суретші 2008 жылдың 21 сәуірінде дүниеден озды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel