RU
"Ән айтып жүре бер": Бағдарлама жүргізген Қайрат Нұртас қатаң сынға ұшырады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ән айтып жүре бер": Бағдарлама жүргізген Қайрат Нұртас қатаң сынға ұшырады

Рассказать Вконтакте

Отандық телеарналардың бірінде көрсетілетін "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасын бүгінде Қайрат Нұртас пен Ерке Есмахан жүргізуде. Таланттылардың дауысын таразыға салатын жобаны тізгіндеген әншілер барынша тырысып жатқаны хақ. Алайда сахна еркелерін тележүргізуші ретінде қабылдай алмайтын жұрт қарасы көп сыңайлы деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Жобаның кезекті шығарылымы Youtube желісіне бірнеше күн бұрын жүктелген. Үш күнде 90 мыңнан аса қаралым жинаған видеоға 400-ге жуық пікір жазылыпты.

Ең қызығы, желі қолданушыларының басым бөлігі жоба қатысушыларын емес, бағдарлама жүргізушілерін сынаған.

Олар, әсіресе Қайрат Нұртастың жүргізушілік қабілеті мүлде жоқ екенін алға тартып, хитменді жерден алып, жерге салыпты.

"Қайрат, сен ән айтып жүре берші, өтініш", " Қайрат пен Ерке жүргізе алмайды екен", "Қайрат Нұртастан жүргізуші шықпайды, сөз байлығы жоқ", "Жүргізушілерді ауыстырыңдар", "Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама", "Кәсіби жүргізуші керек, іш пыстырады", "Қайрат жақсы жігіт, бірақ тіл байлығы нөл", "Той мен құдалық жүргізіп тұрған сияқты". "Қайрат дайындықсыз атып шықты ма?",- деп жазған олар.

Айта кетерлігі, аталған бағдарлама көрерменге әр жексенбі күні жол тартады.

Сіздің реакцияңыз
36
5
1
1
2
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel