RU
Атырауда жылдар бойы теміржол жөндеген алты балалы ана жайлы не білеміз? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда жылдар бойы теміржол жөндеген алты балалы ана жайлы не білеміз? (фото)

Рассказать Вконтакте

Атыраулық Жеміс Қали - 20 жасынан бастап теміржол жолдарын жөндеп, өмірінің отыз жылын осы салаға арнаған көпбалалы ана. Қыстың суығы мен жаздың аптап ыстығына қарамастан, жылдар бойы жол жөндеген әйел бүгінде алты баласын өсіріп, немере-жиен бағып отыр. Күміс алқа иегері KAZ.NUR.KZ тілшісіне аталмыш мамандықты қалай таңдағанын айтып берді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Көпбалалы ананың айтуынша, ол теміржолшылар отбасында дүниеге келген екен.

"Атырау облысы, Сағыз бекетінде тұрамыз. Әкем теміржол шебері, шешем теміржол қызметкері болып жұмыс істеген. Ағам да осы жолды қуды, осында машинист болып қызмет істейді.

Бұл жұмысты сонау 90 жылдан бастаппын. Сол кезде қарап отырсам 20 жастағы, талдырмаш қыз екенмін.

Басында қиындау болды, келе-келе үйрендік. "Көппен көрген ұлы той" деп ештеңеден тартынған жоқпыз. Ер адамдармен тең жұмыс жасадық.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тек 2013 жылдан бастап әйел адамға жол жөндеу жұмыс ауыр болады деп, кезекшілікке ауыстырды.

Алты балам бар, үлкендері үйленіп, тұрмыс құрып, үйлі-баранды болған. Ал кішілеріміз мектепте.

Әрине әйел адам болған соң, жұмысқа да, үйде де үлгеруге тырыстық. Дәмді тағам әзірлеп, үй шаруасына да қарап, бала бағып та үлгердік", - дейді қайсар әйел.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жеміс Жауынбайқызының жолдасы да теміржол күзетінде қызмет етеді. Десе де теміржолшылардың балаларының ешқайсысы әзірге бұл мамандықты таңдамаған көрінеді.

"Үлкенім - фельдшер, отбасымен бірге Атырауда тұрады. Одан кейінгі Айболат деген балам бізбен бірге тұрады, өрт сөндіруші қызметінде жұмыс істейді.
Қызым Майра тұрмыста, мұғалім болып еңбек етеді. Тағы бір ұлым Айбек Атыраудағы университеттердің бірінің заң факультетінде оқиды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Кіші екі қызым мектепте оқиды. Немере-жиен сүйіп отырмыз. Мен үшін бұдан асқан бақыт жоқ деп білемін.

Қытымыр қыста, шіліңгір жазда жол жөндеу қандай қиын болса да, өз кәсібімді жанымдай жақсы көремін.

Бұл мамандықты таңдағаныма ешқашан өкінген емеспін. Аллаға шүкір деймін, бақыттымын", - дейді "Күміс алқа" иегері Жеміс Қали.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
21
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel