RU
Павлодарда көпқабатты үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодарда көпқабатты үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты (фото)

Рассказать Вконтакте

Павлодардағы көпқабатты үйде жарылыс орын алып, бір адам қаза тапты. Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне жарылыстың бүгін, 6 наурызда, сағат 14:30 шамасында болғанын хабарлады.

Фото: ҚР ІІМ ТЖД

Фото: ҚР ІІМ ТЖД

Оқиға орнына тез арада өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен ақ халаттылар жеткен. Қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайы анықталуда.

Жарылыс Мүткенов көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатында болған. Оқиғаға себеп болған белгісіз затты анықтау үшін қазір арнайы мамандар жұмыс істеуде.

Бес қабатты үйден 60 адам, оның ішінде 15 бала сыртқа шығарылған. Олардың қатарында түрлі күйік жарақаттарын алған 1986 жылғы азамат дереу ауруханаға жеткізілді.

Ал оқиға орнында 35 жастағы азаматтың денесі табылған. Ас үйде орын алған өрт сегіз шаршы метр аумақты құраған.

Анықталғандай, белгісіз заттың жарылуынан ғимарат құламаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel