RU
Еліміздің қай аймақтарында су басу қаупі жоғары?

Еліміздің қай аймақтарында су басу қаупі жоғары?

Рассказать Вконтакте

Еліміздің бес облысында су тасқыны қаупі өте жоғары. Биыл қар қалың жауған, су басады деген қауіпті елдімекендер Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында көп деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ішкі істер вице-министрінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

ааааа

Көрнекі фото: Егемен Қазақстан

Вице-министр Юрий Ильиннің айтуынша, Алматы тауларында 36 көл бар. Олардың 12-сі бүгінгі күні қалаға қауіп төндіріп тұр. Ал Алматы обылысында 35 елдімекен тасқынның астында қалуы мүмкін.

Есік, Қаскелең, Талғар қалалары, сондай-ақ Ұзынағаш маңындағы таулардан тасқын төну мүмкіндігі жоғары.

Қауіпті азайту мақсатында ел көлемінде 7300 қызметкер, 103 мотопомпа, 1600 техника жұмыс істеп жатыр. Селге қарсы 30 мың қап пен 670 тонна құм дайындалған.

"Сай-салада қар қалың. Ал сәуір-мамыр айларында жауын-шашынның көп жауатыны айтылған. Соған сәйкес қардың еруі, селдің жүруі де жоғары. Жағдай кез келген сәтте өзгеруі мүмкін", -деді «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Тоқтарбек Баймолдаев.
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel