RU
Отандық шенділердің кірістері мен шығындары жария етілетін болды
Жаңалықтар Қоғам

Отандық шенділердің кірістері мен шығындары жария етілетін болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда 2020 жылдан бастап мүлік есебін өткізу туралы заң күшіне енеді. Саясаткерлер, депутаттар, судьялар және тағы басқа мемлекеттік қызметкерлердің есебі көпшілікке жария етіледі. Ақпаратты мемлекеттік мекемелердің ресми сайтына орналастырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Freepik

Көрнекі фото: Freepik

"2020 жылы мемлекеттік қызметкерлер мен депутаттар жаңа форманы толтырып, ақпаратты жариялайтын болады.

Олардың мәлімдемелері ресми мекемелердің ашық көздерде сақталады деп болжануда", - деді Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев.

Оның айтуынша, ашық көздерге мемлекеттік мекемелердің сайттары жатады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Талғат Мамаевтың сөзінше, осы уақытқа дейін декларацияны тапсырғаннан кейін мүлкін жариялау немесе жарияламау ерікті болып келген.

Ендігі жылдан бастап декларациядан кейін мемлекеттік қызметшілерге мүлкін жариялау міндетті болады.

"Декларациядан кейін жеке мүлкі бойынша декларацияны жария ету - бүгінгі таңда ерікті. Ендігі жылдан бастап жалпыға бірдей декларацияға көшу кезінде мемлекеттік қызметшілер декларациясындағы мәліметтерді жария ететін болады", - деді ол.

Мүлкін жариялау міндетті мемлекеттік қызметшілер:

- саяси қызметшілер және олардың жұбайлары,

- "А" корпусындағы мемқызметшілер мен судьялар,

- Парламент депутаттары мен квазимемлекеттік мекемелердің басшылары.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel