RU
Талдықорғандық студент өртке оранған үйден екі қызды құтқарып қалды

Талдықорғандық студент өртке оранған үйден екі қызды құтқарып қалды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында орналасқан тұрғын үйдің бірінде өрт шықты. Оқиға кезінде жергілікті жоғары оқу орнының студенті екі қызды құтқарып алды деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті

фото: Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті

Оқиға 6 наурыз күні таңертең Талдықорғанның орталығында орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, сегіз және екі жастағы қыздарын ата-анасы пәтерде тастап кетіпті.

Өрт басталғанда көршілері құтқарушыларды шақырған.

Көшеде өтіп бара жатқан 18 жастағы студент осы уақытта көмекке келген.

Ол үйге газ құбыры арқылы кіріп, терезеден балаларды құтқарып алыпты.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтаған.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, студентті жақын арада ерлігі үшін марапаттайды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel