RU
2020 жылдан бастап Қазақстанда тұратын әр азаматтың кірісі есептелетін болады
Жаңалықтар Қоғам

2020 жылдан бастап Қазақстанда тұратын әр азаматтың кірісі есептелетін болады

Рассказать Вконтакте

2020 жылдан бастап Қазақстанда тұратын әр азаматтың кірісі есептелмек Яғни тұрғындар құны 500 мың теңгеден асатын дүние-мүлкін, бағалы затын тегіс табыс декларациясында көрсетіп, салықшыларға өткізуі тиіс деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото:zonakz.net

Фото:zonakz.net

Сарапшылардың мәліметінше, жаңа заң сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл болады.

"Ыдыс-аяқты көрсету шарт емес. Ең басты талап  затыңыз немесе мүлкіңіз 500 мың теңгеден асу қажет. Бұл есепті ел азаматтары қағаз түрінде 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін, ал электронды түрде 15 қыркүйекке дейін өткізу керек.
Үлгермесе немесе толтырған құжатта шынайы ақпарат көрсетілмесе, онда ол адамға 75 750 теңге көлемінде айыппұл салынады", - дейді республикалық кәсіпкерлерге көмек орталығының директоры Дмитрий Казанцев.

Айта кететіні, халық жылжымайтын мүлік пен жер телімін, көліктерін айтпағанда, банктегі қаражаты мен қолма-қол ақшасы, әшекей бұйымдары, қымбат картиналары мен тондарын, тіпті қымбат тұратын асыл тұқымды ит-мысық және таза қанды сәйгүлік аттарын тізіп, құжат түрінде көрсетуі қажет.

Сондай-ақ халықтың қарыз бен несиесінің бар-жоғы да назарға алынады.

Сіздің реакцияңыз
13
3
6
0
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel