RU
Алматы облысында есірткіні өткізбеген сарбазды сотталушылар сабап тастады
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында есірткіні өткізбеген сарбазды сотталушылар сабап тастады

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында бірнеше жазасын өтеуші Ұлттық ұлан сарбазын жабылып ұрып тастады. 22 жас шамасындағы жауынгер қазір аса ауыр жағдайда ауруханада жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: КТК арнасы

Фото: КТК арнасы

ЛА 155/14 жабық мекемесі ішіндегі төбелеске белгісіз біреулердің дуалдың арғы жағынан сотталушыларға лақтырған героині себепші болған.

Сәлемдемені алмақ болғандарды сарбаз тоқтатуға талпынып, соңы төбелеске ұласқан.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, тыйым салынған затты түрме аумағына тастауға мекеме қызметкерлері рұқсат берген көрінеді.

Қазір прокуратура мен Ішкі істер министрлігі тергеу жүргізуде.

Мәліметтерге қарағанда, сотталушылар сарбазды тепкінің астына алып қана қоймай, оның резеңке таяғын тартып алып, сонымен де оңдырмай ұрған көрінеді. Қазір таяқ жеген жауынгер ауыр жағдайда Қапшағайдағы ауруханада жатыр.

Түрме ішіндегі сұмдық жайтқа қатысты тергеу басталып та кетті.

Айта кетейік, оқыс оқиға қас қарайғанда олрын алған. Әлдебіреулер арғы беттен есірткі лақтырған. Алайда зат түрме аумағына жетпей, жазасын өтеушілердің баруына тыйым салынған аумаққа түсіпті. Сол себепті де, олар тікенек сымнан секіріп өткен.

Мұны көріп қойған Ұлттық Ұлан сарбазы олардың алдын кеспек болады.

"Колония басшысының кезекшіліктегі көмекшісіне ақша төлеген. Ол түрмеге жеткізілетін кезекті тауарға көз жұма қараған. Бұл іске барлық кезекші қызметкерлер мән беру керек болған. Алайда бұл іске мән берілмеген", - дейді қамауға алынғандардың құқығын қорғау мәселелері бойынша коалиция төрағасы Константин Гудаускас.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл түзету мекемесіне есірткі заттары дуалдың арғы бетінен жиі лақтырады екен.

Бұл жолы 7 грамм героин мен екі стақан марихуана жазасын өтеушілерді қарық қылуы тиіс болған. Ал бұл заттардың мұнда қалай тап болғаны тексеріліп жатыр. 

"Ұлттық Ұланның кезекшісі заңсыз әрекетті кеспек боп, ескерту жасаған. Сотталушылар бағынбай, қызметкерді жаралады. Қызметкер медициналық мекемеге жеткізілді. Көмекке келген жасақ арнайы күш құралдарын қолданып, сотталғандарды ұстап, тәртіптік изоляторға қамады", - дейді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Естеріңізге сала кетейік, нақ осы түрмеде былтыр тамызда ауыр соққыдан сотталушы көз жұмған болатын. Жанжалдан соң түрме басшысы орнынан алынған. Енді абақтыны орынбасарлардың бірі уақытша басқарып отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
3
5
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel