RU
Ауа райы: 7 наурыз күні еліміздің кей жерлерінде қар жауады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: 7 наурыз күні еліміздің кей жерлерінде қар жауады

Рассказать Вконтакте

7 наурызда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болып, солтүстік өңірлерде қар жауады. Республиканың кейбір аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі деп хабарлайды РМК "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: Sputnik Қазақстан/Владислав Воднев

фото: Sputnik Қазақстан/Владислав Воднев

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Павлодар облысының жолдарында көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с соғады.

Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кейбір аймақтарында тұман күтіледі, күндіз Жамбыл облысында, түнде Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман түседі.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кейбір өңірлерінде тұман түседі.

Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарын да көктайғақ болуы ықтимал.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel