RU
Назарбаев бірнеше министрлікте тағайындаулар жүргізді

Назарбаев бірнеше министрлікте тағайындаулар жүргізді

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше министрлікте жауапты хатшыларды ауыстырды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

  • Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;
  • Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Сонымен қатар, "Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Мұратұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды", - делінген ресми хабарламада.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel