Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыра королі" Тоқтар Төлешов жазасын қалай өтеп жатыр (фото, видео)

Опубликовано:

Мемлекеттік билікті күшпен тартып алмақ болды деп сотталған Тоқтар Төлешовтің түрмеде жазасын өтеп жатқанына 1,5 жылдай болды. Оtyrar.kz редакциясы бұрынғы кәсіпкер отырған түрмеге барып, жағдаймен танысып қайтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: Instagram

Телеарнаның хабарлауынша, Тоқтар Төлешов отырған камерада 10 адам жазасын өтеуде.

Түзеу мекемесінде сотталушылар таңғы алтыда тұрса, түнгі сағат 22:00-де ұйықтайды.
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: Facebook

Қатаң режимде қамалып отырғанымен, бұрынғы кәсіпкерге ауыр жұмыстарды орындау міндеттелмейді.

Дегенмен, оған едендерді тазалауға, камераның терезелері мен есіктерін сүртуге рұқсат етіледі.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: Facebook

Экс-кәсіпкер басқалармен бірдей тамақтанады.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: Twitter

Еске сала кетсек, cот үкімі бойынша, "сыра королі" 21 жылға сотталған болатын.

Тоқтар Төлешовке мемлекеттік билікті күшпен тартып алмақ болған деп айып тағылып, қаңтардың аяғында қамауға алынды. Оған қылмыстық кодекстің бұдан басқа да 15 бабы бойынша айыптар тағыл­ған.

Арнайы операция барысында Төлешовтен бірнеше қап қару-жарақ тәркіленді.

Кейін Тоқтар Төлешов әйелі мен тоқалдарына 2 млн 282 мың теңгеден жалақы төлеп отырғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782305-syra-koroli-toktar-tlesov-zazasyn-kalaj-tep-zatyr-foto-video/

pixel