RU
Cаясаттанушы Қытайдағы қазақтарды Қазақстанға көшіруді ұсынды
Жаңалықтар Қоғам

Cаясаттанушы Қытайдағы қазақтарды Қазақстанға көшіруді ұсынды

Рассказать Вконтакте

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым бірінші кезекте Қытайдағы қазақтарды елге көшіруді белсенді түрде жүргізу керектігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі уақытта зерттеу жұмыстарын жүргізіп, елге қанша халық керектігін анықтау қажет. Түсінікті болу үшін айтайын, мысалы, 1 миллон адам келсе, жалпы ішкі өнімге не алып келетінін зерделеген дұрыс. Осыдан кейін ғана қандай да бір бағдарламаны жүзеге асыруға болады", - деді саясаттанушы.

Оның айтуынша, тәуелсіздіктің алғашқы 10 жылында Қазақстанға келген 1 миллион оралман Кеңес Одағының ыдырауынан бұрынғы санын толтыруға мүмкіндік берді.

Сарапшының есептеуі бойынша, Қытайдан келетін барлық қандастарды қазіргі квотамен кіргізу үшін 600 жыл уақыт қажет болады.

"Осы жылы сырттағы қазақтар үшін 2,5 мың адамға квота бар. Қазіргі уақытта Қытайда 1,5 миллион қазақстандық өмір сүріп жатыр, бұл квота бойынша оларды тасымалдау үшін 600 жыл қажет. Бізде бұған уақыт бар ма? Мен бар деп ойламаймын. Осыған сәйкес бізге өте жақсы, мұқият бағдарлама қажет. Және өте күшті саяси ерікте болғаны жөн", - деді Айдос Сарым.

Саясаттанушы "Қытайдағы қандастардың болашағы жоқ" деп, сол жерде өмірге келсе де, онда қалып, өмір сүру қисынсыз екенін ашық айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
28
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel