Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мүгедек балаларға екі метр мата сыйлаған Шалқар әкімдігі жаға ұстатты (фото)

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында шу шықты. Әкім аппараты мереке қарсаңында мүгедек балаларға көйлек-орамал таратқан. Екі метр жылтырақ мата мен гүлді орамал әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Екі метр жылтырақ мата": Шалқар әкімдігінің сыйлығы елді шошытты (фото)
Фото: zello.aktobe/instagram: Instagram

Әкімдік өкілдері "хитке" айналған екі метрлік матаны таратқандарын да мойындап отыр.

"Рас, ондай сыйлық таратылды. Бірақ сыйлық, балаларға емес, олардың анасына берілген. Ол сыйлықты әлеуметтік саланың қызметкерлері балалардың мамаларына дайындады", - дейді Шалқар қаласы әкімінің орынбасары Сапарғали Қызбергенов.

Шенеуніктер қанша отбасыға көйлек-орамал таратылды және оған қанша қаржы жұмсалды деген сауалға да жауап берді.

"Ол сыйлықтарды таратқан мен едім. Мүгедек балаларды асырап отырған аналарға өз қалтамнан апарып бердім. Әкімдіктің сыйлыққа еш қатысы жоқ. Аппараттың атын мен байқамай жазып жібердім. Сыйлықты әлі де дайындап жатырмыз. Қазір үш отбасыға апарып бердім",- дейді Шалқар қаласы әкімінің бөлім меңгерушісі Бибіжан Көптілеуова.

Жел қолданушылары «бұл құдалықтың матасы», «орамал әкімдердің тарататыны емес, әйелдердің бір-біріне беретін сыйлығы» деген пікірлерін жарыса жазуда.

Бірі мұны "мазақ қылды" деп сөксе, екіншісі әкімдіктегілер әжесінің сөмкесімен алмастырып алған деп келеке етуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782352-mgedek-balalarga-eki-metr-mata-syjlagan-salkar-kimdigi-zaga-statty-foto/

pixel