RU
Отбасын көрсеткен Санжар Мәдиев көпшілікті тәнті етті (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отбасын көрсеткен Санжар Мәдиев көпшілікті тәнті етті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Отбасын көп көрсете бермейтін Санжар Мәдиев бұл жолы оқырмандарын қуантып, жанұялық фотосессиясының суреттерімен бөлісті. Әйелі мен қызын ел алдына алып шықпайтын актер Instagram желісіне жанұясымен түскен фотосын жүктеп, жұрттың жүрегін елжіретті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram парақшасына жарияланған суретте Мәдиевтердің отбасылық фотосессия жасап жатқаны көрініс тапқан.

Оған қоса, актер салған видеода қызының оған қалай еркелейтінін аңғаруға болады.

Бірге бой көрсетпейтін жанұяға қатысты елдің пікірі тек оң болды. Көпшілік олардың жанұя ретінде өте үйлесімді екенін айтып, өз тілектерін жаудырды.

"Қандай керемет отбасы. Мақтаншақтық, сырт көзге әдейі істеу деген жоқ" , " Шынымен Санжардың жанұясында махаббат деген көрініп-ақ тұр" , "Қызыңыз қандай тәтті еді" , "Санзик деп қояды ғой. Тамаша жұпсыздар" , "Әйеліңіз сондай қарапайым, ұстанымды әрі тәрбиелі", "Отбасыңыз аман болсын. Енді Ұмайға іні немесе сіңлі сыйлаңыздар" , "Тәттісіңдер, бақытты болыңдар. Балаларың көп болсын" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel