RU
Павлодардағы жарылыс: Төтенше жағдайдың себебі анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Павлодардағы жарылыс: Төтенше жағдайдың себебі анықталды

Рассказать Вконтакте

Павлодардағы бес қабатты тұрғын үйде болған жарылысты көрген куәгерлер табылды. Олар төтенше жағдайдың неден болғанын айтып берді деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: mirchudes.net

Көрнекі фото: mirchudes.net

2019 жылы 6 наурыз күні 14:50 полицияға Муткенов көшесінде орналасқан үйдің бірінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға салдарынан 32 жастағы павлодарлық ауруханаға түссе, пәтер қожайыны қайтыс болды.

Сараптама нәтижесі бойынша оның газдан уланып көз жұмғаны анықталды.

Тергеу барысында куәгер Суворов көшесіндегі қоқыс жәшігі арасынан орамаға оралған 6 зауыттық оқ-дәрі тапқанын мәлімдеді.

Олар 14:40-те өрт болған пәтерде оқ-дәріні тексеру үшін ашып көрген екен.

Нәтижесінде бес қабатты тұрғын үйде жарылыс орын алды.

Аталған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel