RU
Абай ауылында зорланған бала ісі: Сот үкімді өзгертпеді

Абай ауылында зорланған бала ісі: Сот үкімді өзгертпеді

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Абай ауылында зорлық-зомбылықтың құрбаны болған баланың ісі аппеляциялық шағымнан кейін өзгеріссіз қалды деп хабарлайды "Азаттық радиосына" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

6 наурызда Түркістан облысы сотының қылмыстық іс жөніндегі алқасы Сарыағаш ауданы Абай ауылында "жеті жасар баланы зорлады" деген күдікпен сотталған оқушының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.

Айыпталушының анасы әрі заңды өкілінің айтуынша, ұлының кінәлі еместігін дәлелдейтін сараптама қорытындысына аппеляциялық сот дұрыс қарамаған.

Шағым білдіруші тарап енді кассациялық сотқа жүгінбекші.

Еске сала кетсек, Абай ауылында жеті жасар баланы зорлаған күдіктіге сот үкімі 10 қаңтарда шықты. Күдікті жасөспірім жеті жылға сотталды.

Сотталушы жазасын кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемесінде өтейді.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel