RU
Атыраулық ұстаз колледжде екі жыл бойы жалған дипломмен жұмыс істеген

Атыраулық ұстаз колледжде екі жыл бойы жалған дипломмен жұмыс істеген

Рассказать Вконтакте

Атырау тұрғыны колледжде екі жыл бой жалған дипломмен сабақ беріп келген деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Хабар 24

Фото: Хабар 24

Сотта анықталғандай, талапкер 2004 жылы Орта Азия университетінің Атыраудағы филиалының "Педагогика және психология" мамандығы бойынша сырттай оқуға тапсырады.

Бірақ оқу орнының жабылуына байланысты 2007 жылдың қарашасында оқудан шығарылған.

"2008 жылдың қараша айында ол Алматы қаласына келіп, тергеу барысында анықталмаған тұлғадан Орта Азия университеті берген "050103 - Педагогика және психология" мамандығының заңсыз жолмен жасалған жалған дипломын сатып алады.
Ал 2017 жылдың қазан айында Индер көпсалалы ауыл шаруашылығы колледжіне "Педагогика және психология" мамандығы бойынша орналасып, бүгінге дейін істеп келген", - деп мәлімдеді Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі. Айта кетейік, сотта айыпталушы кінәсіз екенін айтып, өзін ақтауды сұраған.

Алайда оның кінәсі толық дәлелденіп, 60 125 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы кесілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel