RU
БҚО-да боран салдарынан тұрғындар жолға шыға алмай, азық-түліксіз қалды
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да боран салдарынан тұрғындар жолға шыға алмай, азық-түліксіз қалды

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстанда бірнеше елдімекен боран салдырынан аудан және облыс орталықтарынан оқшауланып қалды. Адамдар азық-түлік ала алмай, ауруханаларға жете алмай отыр деп хабарлайды "Уральская неделяға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Батыс Қазақстан облысында боран салдарынан тұрғындар азық-түліксіз қалды

Фото: uralskweek.kz

Бес күн бойы бірнеше округ оқшауланып қалған: Ақтау, Амангелді, Чыжа, Мереке, Атамекен, Оян.

"Тасқалы ауданының Чыжа-2, Мереке ауылдарында жол жабылып қалғанына бес күн болды. Адамдар 25 шақырымды жаяу жүріп жүр", — деді жергілікті тұрғын.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, олар тас жолға дейін жаяу шығып жүр.

"Теректі ауданының Төңкеріс елдімекенінде тұрамын. Ауылға жол жоқ болғанына бір аптадай болды. Орал-Ақсай тасжолына дейін 12 шақырым. Адамдар тас жолға дейін жаяу немесе атпен жетіп жүр. Бұл қауіпті ғой", - деді Төңкеріс ауылының түрғыны Александр Фефелов.

Тұрғындар ауыл жолдарын тазартуға қыруар қаржы жұмсалатынын, бірақ одан еш нәтиже жоқ екенін айтып, ашуланды.

Автокөлік жолдары басқарма басшылығы осыған қатысты пікір білдірді.

"Бүгінге дейін боран соғып тұрды. Жолды тазартуға үш техника шықты. Қазір 15 шақырымды тазарта алмай отырмыз. Кешке дейін бәрін тазартамыз", - деді облыстық автокөлік жолдары басқарма басшысының орынбасары Бауыржан Айтмағанбетов.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel