RU
Алаяқтарға сеніп қалған семейлік келіншек үш кішкентай баласымен далада қалды
Жаңалықтар Қоғам

Алаяқтарға сеніп қалған семейлік келіншек үш кішкентай баласымен далада қалды

Рассказать Вконтакте

Семейде алаяқтардың құрбаны болған жас келіншек үш баласымен далада қалған. Алаяқтардың арбауына түскен тәжірибелі маман, өзінің өжеттігі мен қайсарлығының арқасында бизнес ашып, кәсібін қайта жандандыруға барын салып жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Комсомольская правда

Көрнекі фото: Комсомольская правда

Семейлік Әлия есімді келіншек осыдан біраз уақыт бұрын кішкентай үш баласымен бірге далада қалған. Жас ана алаяқтардың арбауына сеніп, бар мүлкінен айырылған екен. Амалы таусылған ана, қаладағы "Wonder Woman" жобасының арқасында жұмысқа тұрып, бүгінде кәсібін дөңгелетіп әкеткен.

"Жобаның басты мақсаты әлеуметтік тұрғыда көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесу болып табылады. Әсіресе түрлі қиын жағдайларға тап болған әйел адамдарға көмек қолын созып, олардың өзіне деген сенімділігін ұялатуды мақсат етіп отырмыз. Біз қол ұшын берген жандардың бірі – Әлия есімді келіншек. Ол алаяқтарға сеніп, өзінің бизнесі мен тұрақты табысынан айырылып қалған екен. Келіншекті кішкентай үш баласымен бірге үйінен қуып шыққан.
Ол кезде оның кіші баласы тіпті бірге де толмаған екен. Әйел адамның бес жылдық еңбек өтілі болса да, ол өзіне ыңғайлы жұмыс таппай көп жүрген. Әлия өте батыл әйел, ол осы жоба арқылы, өзінің табандылығы мен кәсіпке деген икемін көрсетіп, өз кәсібін қайта ашты", - дейді жоба авторлары.

Үш баланың анасы адамның қажырлығының арқасында, барлық қиындықты жеңуге болады дейді.

"Қолдан келмейтін ештеңе жоқ. Тек басыма проблема түсті екен деп, салыңды суға батыруға болмайды. Әрдайым алға қарай қадам басыңыздар. Осындай қиындықтарды жеңу арқылы, сіздер өз мақсаттарыңызға жете аласыздар", - деді келіншек.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
6
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel