RU

Ақтөбелік кәсіпкер әйел жаңа әкімге ерекше сыйлық тарту етті (фото)

Ақтөбе облысының жаңа әкімі Оңдасын Оразалинге өңірдің кәсіпкер келіншектері тосынсый жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбелік келіншек әкімнің қажылыққа барған анасын көпке үлгі етті
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Мереке алдындағы кездесуде әкімнің қажы анасын танитын шалқарлық кәсіпкер құран аяттары жазылған кілемшені Оңдасын Оразалиннің қолына ұстатты.

"Оңдасын Сейілұлының анасы Рая апамыздан бата алған адаммын. Ол кісінің бес уақыт намазы түгел, қажылыққа барып келген. Рая апамыздың жолы баршаңызға жұғысты болсын. Ұзақ жасасын", - деді кәсіпкер Сәуле Дәулеталина.
Ақтөбелік келіншек әкімнің қажылыққа барған анасын көпке үлгі етті
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Кәсіпкерлер әкімнің 63 жастағы анасымен жақсы араласып тұратынын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысының жаңа әкімі әйелдер алдында галстугын шешіп тастағаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1782423-aktbelik-ksipker-jel-zaa-kimge-erekse-syjlyk-tartu-etti-foto.html