Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Алланың берген энергиясына таң қаламын

Опубликовано:

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл өмірде кез келген жағдайда жымия білу оңай емес екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: kaznews.kz
Фото: kaznews.kz: Facebook

8 наурыз қарсаңында Ақордада аруларды қабылдаған Елбасы күлкінің маңыздылығын айтып, өмірінің ауыр кезеңдерін еске алды.

КСРО құлаған соң мемлекетте ештеңе қалмады. Елде нан да, айлық пен зейнетақы да жоқ болды. Артынша 2007-2009 жылдары Ресей рублі құлдыраған соң мемлекетте экономикалық дағдарыс басталды.

"Өткенге қарап, мен кейде Аллам осының барлығына шыдау үшін қалай күш берді деп ойлаймын. Біз Қазақстанды әлемге таныту үшін, беделін өсіру үшін сыртқы саясатты да парралельді түрде дамыттық. Оны ешкім білмеді.
Қазіргі Қазақстан сияқты мемлекет әлем картасында болмаған. Қазір Қазақстанды, қазақстандықтар мен қазақтарды бәрі біледі. Тек жақсы қырынан ғана таниды", -деді Назарбаев.

Елбасы қазір оңай кезең емес екенін, бұл тек Қазақстанға ғана емес, күллі әлемге қатысты екенін алға тартты.

"Біз әлемнің жүздеген елімен сауда-саттық байланысын жасаймыз. Егер ол мемлекеттер нашарласа, бізге де әсер етеді. Бізге импортталатын тауарлар жалпы бағаны көтеріп, Қазақстандағы инфляцияны көтереді.
Ал инфляцияның көтерілуі деген не? Барлығы қымбаттайды. Біз жалақыны көтереміз, тауарлардың бағасы да көтеріледі. Ақша қайда кетеді? Сол себепті, өз азығымыз, өз тауарымыз-біз үшін өте маңызды", - деді президент.

Сондай-ақ, президент жеке ауыл шаруашылығына дұрыс ие болу керектігін жеткізді. Елбасы өз көлігімізді жасап шығару мен жол салуды, қалаларды, ауыл мен аудандарды байланыстыруды жалғастыра беру қажеттігін айтты.

"Барлығы бір уақытта болмайды. Жұмыс істеген соң алда міндетті түрде басқа тапсырмалар болады. Сол себепті, біз әрдайым бәріне дайын болуымыз керек", - деді Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1782432-nazarbaev-allany-bergen-energiasyna-ta-kalamyn/

pixel