RU
Димаш Құдайберген америкалық шоуда ел күтпеген мәлімдеме жасады (видео)

Димаш Құдайберген америкалық шоуда ел күтпеген мәлімдеме жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайбергеннің өзі қатысып жатқан америкалық "The World's Best" байқауында ел күтпеген мәлімдеме жасаған. Жұртты қызықтырып қойған әншінің видеосы желіде тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаштың фан парақшасында жарияланған анонс видеоны көргендер, әншіні жобадан өз еркімен кеткелі жатыр деп болжады.

Сондай-ақ желі қолданушылары әншінің қай шешіміне де құрметпен қарайтындарын жеткізді.

"Димаш, сенің шешіміңді құрметтейміз", "Сен үшін қуаныштымыз. Дұрыс шешім қабылдадың", "Димаштың мықты екенін бүкіл әлем біледі".
"Димаш сіздің жеңіске жеткеніңізді қалап едік", "Осы шоуға қатысқан кезде немен аяқталарын білдіңіз ғой. Жеңіске бірнеше қадам қалғанда бас тартқаныңыз не?", "Мені уайымға салып қойдыңыз".
"Балалармен жарысудан бас тарттыңыз ба?", "Бұл байқау ғой", "Сіздің жеңісіңізді көргіміз келіп еді" деп жазған желідегілер.

Айта кетейік, әншінің фан парақшасы байқаудың үшінші кезеңі біздің уақытпен 14 наурыз күні көрсетілетінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген 8 наурыз күні көпшілікке тосын сый жасайтынын мәлім еткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
3
3
7
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel