RU
Астанада 8-наурыз қарсаңында жұртты қақпанына түсіретін алаяқтар пайда болған

Астанада 8-наурыз қарсаңында жұртты қақпанына түсіретін алаяқтар пайда болған

Рассказать Вконтакте

Наурыздың бесі мен алтысы аралығында астаналық полицейлерге 10-нан аса интернет-алаяқтарға алданып қалған тұрғын хабарласты деп хабарлайды «NewTimes.kz»-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астанада мереке қарсаңында гүл сататын алаяқтар пайда болды

Коллаж: NUR.KZ

Жәбірленушінің сөзінше, ол әлеуметтік желідегі хабарлама бойынша жақындарына гүл мен сыйлыққа тапсырыс беріп, ақшасын төлеген. Бірақ жақындары оның тосын сыйларын алмаған.

Әдетте адамдар тауардың бар-жоғын анықтамай жатып, алдын ала төлем жасайды.

Жеңілдіктер ұсынған әдемі аккаунттар мен төмен бағалар қолданушылардың назарына ілінеді. Интернеттегі алаяқтар мұндай мүмкіндікті пайдаланбай қоймайды.

Астана қаласының полициясы алаяқтардың тұзағына түспеу үшін келесі сақтық шараларын ұстануды сұрайды: Тауардың бар-жоғын анықтау, сатып алуға қатысты мәселені сатушымен видеобайланыс арқылы анықтау, тауарды алып, тексергеннен кейін ғана төлем жасау.

Интернет-алаяқтарға алданған болсаңыз, төмендегі нөмірлер арқылы полицияға хабарласуларыңызды сұраймыз: 71-67-10, 71-66-10, 71-65-58, немесе 102.

Сіздің реакцияңыз
2
5
1
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel