RU
Қайрат Нұртастың жұбайы мінсіз мүсінін қалай сақтайтынын ашып айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың жұбайы мінсіз мүсінін қалай сақтайтынын ашып айтты

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртастың жұбайы алғашқы күннен-ақ өзінің сұлулығымен көпшіліктің назарына бірден іліккен болатын. Төрт баланың анасы атанса да, мінсіз мүсінін сақтаған Жұлдыз Әбдікәрімова өз сұлулығының құпиясымен бөлісті. Бұл туралы "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Тележүргізуші өзінің диета мен қымбат кремдердің көмегіне жүгінбейтінін ашып айтты.

"Бірінші баланы босанған кезден бастап, диета ұстамағанмын. Барлығын жеймін. Ағзамыз талап етеді ғой. Бірақ аз мөлшерде пайдаланамын. Күніне аз-аздан бес мезгіл тамақтанамын.
Осыдан төрт жыл бұрын фитнеске қатысқан кезде, қатты азып кеттім. Құр сүйегім қалғаны айналамдағы адамдарға ұнамады. Негізі айналысқан дұрыс", - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Сондай-ақ хитменнің әйелі бетіне қандай күтім жасайтынын да айта кетті.

"Бет күтіміне келер болсақ, арнайы салондарға жүгінбеймін. Қымбат кремдер алып көргенмін. Бірақ олардың аса ерекшелігі бар деп айта алмаймын. Мен қолжетімді, дәріханадағы кремдерді аламын. Бетіме массаж жасатқанды ұнатамын", - дейді әншінің жұбайы.
Сіздің реакцияңыз
6
0
1
0
3
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel