RU
Қостанайда жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуылдаған
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуылдаған

Рассказать Вконтакте

Қостанайда №24 автобус жүргізушісіне пышақ ұстаған жолаушы тап берді деп хабарлайды Аlau.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қостанайда автобус жүргізушісіне жолаушы пышақпен шабуылдады

Көрнекі фото: 24.kz

Оқиға алтыншы наурыз күні кешкі 21:30 шамасында болған. Автобус жүргізушісі жұмыс күнін аяқтап, автобус тұрағына барған.

Барлық жолаушылар түсіп кеткен, тек бір жолаушы ғана онымен бірге тұраққа дейін барған.

"Кенет ер адам жүргізушіні қоршап тұрған темірден секіріп түсіп, жүргізушіге тап берген. Қолында пышағы болған. Бірақ біздің жүргізуші де осал емес, каратені әдістерін біледі екен. Ол шабуылдаушыны ұстап үлгерген. Сол сәтте тұраққа әріптесінің бірі жетіп, автобустың ішіндегі төбелесті байқап, жүргізушіге көмектескен. Олар полиция шақыртып, шабуылдаған адамды алып кетті", - дейді "Жарық жол" ЖШС директоры Виктор Мущинский.
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel