RU
"Арын таптадым": Моншада күйеуінің намысына тиген келіншек мұңын шақты
Жаңалықтар Қоғам

"Арын таптадым": Моншада күйеуінің намысына тиген келіншек мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде күйеуінің көңіліне қая түсірген келіншектің жазбасы жарияланды деп хабарлайды sn.kz.

Көрнекі фото: доула.рф

Көрнекі фото: доула.рф

Өз оқиғасын баяндаған автор үлкен әпкелерінен көмек сұраған.

"Жүрегім ауырып, өзімді жек көріп отырмын. Өмір көрген әпкелер болса, ақыл айтыңыздаршы. Біз ауылдық жерде тұрамыз. Тұрмыс құрағаныма 3 жыл болды. Аллаға шүкір, 2 баламыз бар.
Кеше кешкісін жұбайым екеуміз моншаға бардық. Ұрыс басталып, ол мені шешеден боқтады. Әкем қайтыс болған. Жалғыз анама тіл тигізгенін қаламадым. Ашумен мен де ішіме жиналып қалған нәрсенің бәрін айттым. Өзімді ұстай алмадым. Монша иесі келіп, ұрысты. Сол кезде бір-ақ есімді жидым.
Күйеуімнің арын таптадым. Жүрегім қатты ауырып отыр. Қалайша мұншалық жаман әйелге айналдым? Тек мені кінәламай, ақылдарыңызды айтыңыздаршы. Онсыз да өзімді жегідей жеп отырмын", – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз
55
7
6
21
2
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel