Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда 16 жастағы жасөспірім екі аптадан бері табылмай жатыр (фото)

Опубликовано:

Оралда 16 жастағы жасөспірім екі аптадан бері табылмай жатыр. Михаил Марченко үйінен 24 ақпан күні шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмаған деп хабарлайды "Мой город" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz: Facebook

Михаил Марченконың анасы олардың Зенит ауданындағы жалдамалы пәтерде тұратынын айтады.

"Біз Маңғыстау облысы Жаңаөзеннен келдік. Қазір Оралда ұлыммен және қызыммен бірге жалдамалы пәтерде тұрамыз. Ол №12 мектептің бірінші курсында оқиды. 24 ақпан күні ұлым сағат 17:00 шамасында шығып кетті. Қайда баратынын айтпады. Оның үстінде сұр түсті спортты кеудеше, қою көк түсті күрте мен қоңыр шалбар, қара етік болған. Сол күннен бері одан хабара ала алмадық. Телефон нөмірі өшірулі, ал достары оның қайда екенін білмейді", - дейді Елена.

Еленаның сөзінше, бұл Михаилдың бірінші рет жоғалып кетуі емес.

"Жаңа жылдың алдында ол үйден үш күнге қашып кетті. Жалдамалы пәтерлерде, достарының үйінде жүріпті. Бұл жолы не үшін кетіп қалғанын білмеймін. Мен оған, әрине, үйге кеш келгені үшін ұрысамын. Ол үшін қатты уайымдап отырмын", - дейді анасы.

Кез келген ақпарат бойынша мына нөмірлерге хабарласа аласыз: 8 (778) 850-12-87 немесе 102.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782484-oralda-16-zastagy-zasspirim-eki-aptadan-beri-tabylmaj-zatyr-foto/

pixel