RU
"Канело" өзін орта салмақтағы ең мықты боксшының бірі деп атады
Жаңалықтар Спорт

"Канело" өзін орта салмақтағы ең мықты боксшының бірі деп атады

Рассказать Вконтакте

Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес дивизионындағы екі мықтыны атады деп хабарлайы BoxingScene.com басылымына сілтеме жасаған vesti.kz.

Сауль "Канело" Альварес пен Дэниэл Джейкобс

Сауль "Канело" Альварес пен Дэниэл Джейкобс

"Канелоның" сөзінш, мықты боксшы атағына оның өзі мен келесі қарсыласы IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс лайықты.

"Шындық біздің орта салмақтағы ең мықты боксшы екенімізде. Джейкобс - әлем чемпионы, тамаша боксшы. Мақсатым - мықтылармен жұдырықтасу. Дэниэл - бойынан мін табу қиын, салмақты қарсылас. Бапкерім Эдди Рейносо мұндай боксшыға қарсы не істеу керегін біледі, менің міндетім - тыңдау және орындау. Егер импрвизация қажет болса, жасаймын", - дейді Альварес.

Еске сала кетейік, Альварес пен Джейкобс арасындағы белбеулер біріктірілетін жекпе-жек 4 мамыр Лас-Вагастағы T-Mobile аренасында өтеді.

Екі боксшы да белбеулерін алғаш рет қорғайды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel