RU
Әрдайым жас көріну үшін қандай қағидаларлы ұстану қажет?

Әрдайым жас көріну үшін қандай қағидаларлы ұстану қажет?

Рассказать Вконтакте

Қанша қартайғанымен, келіншектердің көп бөлігі балғын терілерін сақтап қалғысы келеді. Ендеше, жас көріну үшін қандай қағидаларды ұстану керек? Бұл сұраққа women.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жауап береді.

Көрнекі фото: women.rambler.ru

Көрнекі фото: women.rambler.ru

Теріге күтім жасау

Тері балғын көрінуі үшін оған үнемі күтім жасау қажет. Оны күту дұрыс тазартудан басталады. Ал одан кейін теріні міндетті түрде ылғалдандырып тұрған абзал. Себебі, құрғақ тері тез қартаюға әкеліп соғады.

Жаттығу жасау

Күнделікті жаттығулар адамның денесін қалыпқа келтіріп қана қоймай, позитивті өмір сүруге дағдыландырады. Ал белсенді болсаңыз, қан айналымыңыз жақсарып, барлық органдарға, теріге оң әсерін тигізеді.

Стресстен құтылу

Жас көріну үшін өмірден стрессті жоғалта білу керек. Стрессті өмір адам терісіне әжім түсіреді. Ал жарқын әрі белсенді өмір сүру үшін жақсы адамдармен араласып, кітап оқыған дұрыс.

Сән қуу

Жастық- бұл тек қана тері мен бет күтімі емес, жалпы образ. Сондықтан, адамның дене мүсініне сәйкес келетін, қазіргі сәнге сәйкес киімдер адамның сенімділігін арттырып, өзін жас сезінуіне мүмкіндік береді.

Темекі мен алкоголоьді ішімдіктен бас тарту

Жастықты сақтап қалу үшін темекі шегу мен ішімдік ішуден бас тартқан дұрыс. Себебі, темекі шегу адам терісін құрғақ әрі әжімді етіп жібереді. Оған қоса, шаш пен тырнақ жұқарып, ерін өз түсін жоғалта бастайды. Ал алкоголь теріге теріс әсер етуден бөлек, қауіпті дертке әкеліп соғуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
7
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel