RU
Түркістан облысында туысқанын үйіне қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұятқа қалды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында туысқанын үйіне қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында тұрғынның үйіне қарашылық шабуылды ұйымдастырған өз туысқаны болып шықты деп хабарлайды Отырар арнасы.

Фото: otyrar.kz

Фото: otyrar.kz

Басылымның жазуынша, осы жылдың 25 ақпанында полиция бөлімшесіне Келес ауданының тұрғынының үйіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері маскадағы белгісіз тұлғалардың жәбірленушінің үйіне кіріп, соққыға жығып, байлап, ақша мен алтындарын алып кеткендігін анықтаған.

Аталмыш факт Қылмыстық кодекстің 192-бабы "Тонау" бойынша ЕРДР-де тіркеліп, қылмысты ашу мақсатында Келес аудандық ПБ барлық қызметкерлері мен Түркістан облысының ПД-нің қызметкерлері жұмылдырылған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Түркістан облысының ПД қызметкерлері күдіктілерді құрықтады. Олар Түркістан облысының бес тұрғыны болып шықты.

Ұсталған күдіктілердің бірі жәбірленшілердің туысқаны болып шықты. Әрі тонау оқиғасының "авторы" да сол екен. Полиция қызметкерлері олардан аңшылық мылтық, маска және басқа да материалдық дәлелдерді тәркіледі.

Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 192 және 287 баптары бойынша алдын-ала тергеу жүргізілуде.

Күдіктілер қамауға алынған. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы бір миллионнан астам теңгені құраған.

Сіздің реакцияңыз
6
2
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel