RU
Шу қаласының әкім хатшысы алаяқтық үшін сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Шу қаласының әкім хатшысы алаяқтық үшін сотталды

Рассказать Вконтакте

Шу қаласында әкімнің экс-хатшысы үш жарым жылға сотталып кетті. Ол пәтерлерге қатысты алаяқтығы үшін жазаға тартылған деп жазады " Экспресс К" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pravograd.org

Фото: pravograd.org

Өткен жылдың жазында Шу тұрғындары 33 жастағы әкім хатшысы Жанар Қаршығабекова 2017 жылы олардан ақша жинап алып, пәтер алуға көмектеспек болған.ын айтты. Алайда ол уәдесінде тұрмаған.

Адамдар ол қаражатты пәтерге қажетті жөндеу жұмыстары үшін берген. Себебі, баспана қараусыз қалған көпқабатты үйде орналасқан.

Нақты белгіленген сома болмаған. Кім қанша бере алады, сол қаржыны төлейді. Бірі 500 мың берсе, енді бірі бір жарым млн теңге табыстаған. Бұл төлемдердің жалпы сомасы 18 млн теңгені құрады.

Ақшаны табыстау дәл әкімдікте өткен. Хатшы әрбір тұрғынға қолхат жазып берген.

Ашуға булыққан көпшілік өздерін алдап кеткен маманның үстінен арыз түсіріп, нәтижесінде оған қатысты "алаяқтық" бойынша іс қозғалды.

Ол сот үкімі бойынша үш жарым жылға сотталды. Оған қоса, бұрынғы хатшы барлық шығынды өтеуге міндеттелді.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel