RU
Ақмола облысындағы бала өлімі: Алдын ала диагноз айтылды

Ақмола облысындағы бала өлімі: Алдын ала диагноз айтылды

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында 5 наурзыдан алтысына қараған түні 2018 жылғы баланың өліміне қатысты жаңа деректер шықты. Әлеуметтік денсаулықты қорғау департаментінің атқарушы жетекшісі Айнагүл Мусина бұл оқиға бақылауда тұрғанын мәлімдеді. Өлімнің себеп-салдарын анықтау үшін ішкі істер органдары арнайы сот-медициналық сараптама тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

фото: PxHere

фото: PxHere

Анықталғандай, бала бесінші наурыз күні жоспарлы түрде вакцинациядан өткен. Ол екпенің ұлттық кестесіне орай жүргізілген. Екпені жасамас бұрын оны дәрігер қарап шыққан. Тексеріс нәтижесінде ешқандай ауытқушылық анықталмады. Бала апасының қағаз жүзіндегі келісімі бар.

Екпеден кейін бала дәрігерлердің бақылауында болды. Екпеге қарсы реакция анықталмады.

Қазіргі таңда, эпидемиологтар екпе жасалған ауруханаға жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатыр.

Екпені сақтау шарттарында заң бұзушылық болған жоқ. Бұл екпелер 2018 жылы 2500 бала жасалған. Олардың ешқайсысынан кері реакция анықталмады.

Анагүл Мусинаның айтуынша, баланың өлімі екпенің жасалуына байланысты емес.

Бала өлімінің себебі сот-медициналық сараптама нәтижесінде анықталмақ.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
5
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel