RU
Астанада сүйіктісіне 700 мың теңгеге сыйлық жасамақ болған жігіт тақырға отырды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада сүйіктісіне 700 мың теңгеге сыйлық жасамақ болған жігіт тақырға отырды

Рассказать Вконтакте

Астанада әйелдер күні қарсаңында желі алаяқтары көбейіп кетті. Ғаламтор арқылы гүлге тапсырыс қабылдайтын "мекемелер" қыз-келіншектерге сыйлық жасағысы келген ер азаматтарды шетінен тақырға отырғызуда деп хабарлады КТК арнасы. 

Көрнекі фото: medikforum.ru

Көрнекі фото: medikforum.ru

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ақшаны алдын ала аударуды сұрайтын сатушылар кейінірек ізім-ғайым жоғалып кетеді екен.

Қазірдің өзінде осындай он қылмыс тіркеліпті.

Алданғандардың арасында гүлден бөлек, өзге де бағалы сыйлықтарға тапсырыс бергендер де бар.

Мысалы, жапа шеккен жігіттердің бірі сүйіктісіне 8 наурызға 700 мың теңгенің гаухар тасы бар жүзік алмақшы болған. Бірақ "сатушылар" ақшаны қалтасына басып қалыпты.

Ұрымтал сәтті пайдаланған алаяқтар жалпы көлемі 1,5 миллион теңгені жымқырып кеткен.

Тәртіп сақшылары қаскөйлердің біреуін қолға түсіргенін айтты.

Қалғандарын іздестіруде.

"Әлеуметтік желідегі жарнамаларға аса сақтықпен қарауға кеңес береміз. Егер тауардың бағасы өте арзан әрі сатушы ақшаны алдын ала сұраса, оған сенбеген жөн. Себебі алаяқтар өз құрбанын осылай құрыққа түсіреді", - деді Астана қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Талғат Бөлегенов.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
2
1
6
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel