RU
Астаналық "Барыстың" плэй-офф кезеңіндегі келесі қарсыласы белгілі болды
Жаңалықтар Спорт

Астаналық "Барыстың" плэй-офф кезеңіндегі келесі қарсыласы белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Астаналық "Барыс" құрлықтық хоккей лигасының плэй-офф кезеңінің ширек финалына шықса, қандай командамен кездесетіні белгілі болды деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: sports.kz

фото: sports.kz

Астаналық құраманың қарсыласы "Салават Юлаев" пен "Металлург" арасындағы ойыннан соң анықталды.

Сериядағы алтыншы матч 7 наурызда Уфада өтіп, айдын иелерінің овертаймдағы жеңісімен аяқталды

Осылайша, "Салават Юлаев" серияда 4:2 есебімен жеңіске жетіп, шығыс конференциясы бойынша плэй-офф кезеңінің жартылай финалына шықты.

Команда енді екатеринборлық "Автомобилист" командасымен ойнайды.

"Барысты" омдық "Авангард" күтіп тұр.

Айта кетейік, Андрей Скабелки шәкірттері құрлықтық хоккей лигасының плэй-офф кезеңінің ширек финалына бүгін, 8 наурызда шығуы мүмкін.

"Барыс" "Торпедомен" кездеседі. Бес матчтан кейін серия есебі астаналық клубтың пайдасына 3:2 болып тұр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel