Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан билігі Каримованың өз-өзіне қол жұмсағанын жоққа шығарды

Опубликовано:

Өзбекстанның бас прокуратурасы елдің бұрынғы президентінің қызы Гүлнара Каримованы жалпы режимдегі колонияға қамаған соң, "өз-өзіне қол жұмсады" деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Nuz.uz-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Гүлнара Каримова, фото: nuz.uz
Гүлнара Каримова, фото: nuz.uz: Facebook

Еске сала кетсек, қылмыстық істер бойынша Яшнабад аудандық соты 2019 жылдың 5 наурыз күні сотталушы Гүлнар Каримованы бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтіні туралы шешім қабылдаған болатын.

Кейін әлеуметтік желіде Каримова қамаудағы басқа адамдардың мазағына шыдай алмай, өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады.

"Ешқандай суицид немесе суицид жасау әрекеті болған жоқ. Гүлнара Каримова белгіленген тәртіп бойынша жазасын өтеуде. Бұл қоғам назарына іліккен осы тақырыптың айналасындағы өсектер болып табылады", - деді Өзбекстанның бас прокуратурасының баспасөз-қызметі.

Айта кетейік, бұрынғы президенттің үлкен қызы 2017 жылдың желтоқсанында Ташкент облыстық сотының шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Алайда, 2018 жылдың шілде айында оған тағылған жаза ауыстырылып, президенттің қызын бес жылға соттау туралы үкім шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1782525-zbekstan-biligi-karimovany-z-zine-kol-zmsaganyn-zokka-sygardy/

pixel