RU

Павлодарда Құшқалиевпен бірге билеген 76 жастағы әжей желіні жарды (видео)

Павлодарда 8 наурызды атап өту концерті кезінде Бейбіт Құшқалиевпен сахнада би билеген 76 жастағы әжей желіні жарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pavlodarnews.kz
Фото: pavlodarnews.kz: Facebook

Әртістің өнер көрсеткен сәтінің видеосы желіде тарап кеткен.

Кадрдан әншінің "Қайтесің өзгені" атты композициясы кезінде сахнаға әжейдің шығып билегенін байқауға болады.

Рavlodarnews.kz сайтының хабарлауынша, әртіспен бірге көпшіліктің көңілін көтерген әжей Қазақстанның білім беру саласының үздігі Алла Черепанова екен.

76 жастағы бұрынғы ұстаз қазіргі уақытта зейнет демалысында екенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1782528-pavlodarda-kskalievpen-birge-bilegen-76-zastagy-zej-zelini-zardy-video.html