RU
БҚО-да қайтыс болған адамның мәйітін бейіт басына шанамен алып барды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да қайтыс болған адамның мәйітін бейіт басына шанамен алып барды (видео)

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында тұрғындар қардың тазаланбауына байланысты қайтыс болған адамның мәйітін бейіт басына шанамен сүйреп алып барды. Бұл туралы қайтыс болғанның туысы Юлия Луганская Уральская неделя тілшісіне айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: uralskweek.kz

Көрнекі фото: uralskweek.kz

Оқиға Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы Долинный елді мекенінде орын алған.

Бейітке апаратын жолды қалың қар басып қалып, тұрғындар қайтыс болған адамның денесін шанаға салып апарған. 

"Менің ағайым Василий Маликов 3 наурызда жүрек ауруынан көз жұмды. Сол күні біз оны Орал қаласындағы мәйітханаға алып бардық. Аудан әкімі Талғат Манатауов мәйітті Оралға жеткізу үшін көлік берді. 4 наурыз күні біз ағайымыздың денесін әкім берген көлікпен қайта ауылға жеткізген болатынбыз", - деді Долинный елді мекенінің тұрғыны Юлия Луганская.

Тұрғынның айтуынша, осы жылы қар қалың жауған.

"Әрине, адамдар үйлерінің айналасын өздері тазалайды. Бірақ зиратқа жету мүмкін емес. Жолды тазарту үшін арнайы техника қажет", - деді ол.

Юлия әкімнен көмек сұрағанын, елді мекен басшысы арнайы техника жоқ екендігін айтқанын жеткізді.

"Ақыры ағайымды зиратқа шанаға салып апатуға мәжбүр болдық. "Көлікпен" су  таситын едік. Бұл енді адамдыққа жатпайды", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
19
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel