RU
Екі қызды өрттен құтқарған студентке Алматы облысының әкімі білім грантын сыйлады
Жаңалықтар Қоғам

Екі қызды өрттен құтқарған студентке Алматы облысының әкімі білім грантын сыйлады

Рассказать Вконтакте

Талдықорған қаласында тұрғын үйдің бірінде болған өрттен екі қызды құтқарып қалған 19 жастағы Арман Бақтыбайды Алматы облысының әкімі Амандық Батталов қабылдады деп хабарлайды 31 арна.

фото: avai.kz, Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті

фото: avai.kz, Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті

Арман Жетісу университетінің "Спорт және дене шынықтыру" мамандығында ақылы бөлімде оқиды екен. Батыр жеткіншектің анасы қайтыс болып кеткен. Ал әкесі зейнеткер.

Ақылы бөлімде оқыған Арман енді грантқа ауыстырылатын болды.

Әкім студенттің 8 сыныпта оқитын жалғыз қарындасына да көмектесетінін айтты.

Батталов студенттің ерлігіне алғысын білдіріп, ноутбук сыйлады.

Дереккөз: 31 арна

Еске сала кетсек, Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында орналасқан тұрғын үйдің бірінде 6 наурызда өрт шықты. Оқиға кезінде жергілікті жоғары оқу орнының студенті екі қызды құтқарып алған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
3
31
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel