RU
Жүрегі тоқтап қалған сәбиді дәрігерлер 30 минутта аман алып қалды

Жүрегі тоқтап қалған сәбиді дәрігерлер 30 минутта аман алып қалды

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Гуандун провинциясындағы Фошань қаласында дәрігерлер 30 минут бойы жүрегі тоқтап қалған сәбидің өмірімен арпалысып, нәрестені құтқарып қалды деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Baby.ru

Көрнекі фото: Baby.ru

Анасы дүкенге бір жасар ұлын алып шығып, жолда оған бананның тілімін берген.

Көп ұзамай ол баласының тұншыққанын байқап, ауруханаға жарты сағатта жеткізген.

Сол аралықта баланың жүрегі тоқтап, тыныс алмай қалыпты.

Дәрігерлер сәбидің тамағынан банан алып шықты.

Содан кейін бес дәрігер кезек-кезек, балаға жүрек массажын жасай бастаған.

30 минуттың ішінде олар сәбидің кеуде тұсынан 3600 рет басқан.

Тек осыдан кейін ғана баланың жүрегі әлсін-әлсін соға бастапты. 

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
15
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel