RU
Головкин IBF рейтингінің үздік ондығына кірмей қалды
Жаңалықтар Спорт

Головкин IBF рейтингінің үздік ондығына кірмей қалды

Рассказать Вконтакте

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) былғары қолғап шеберлерінің ай сайынғы  рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 11 орынға тұрақтаған.

Қазіргі чемпион америкалық Дэниэл Джейкобс болғанмен рейтингтің бірінші орны бос тұр, кейінгі орындарда эквадор-неміс боксшысы Джек Кулкай мен украиналық Сергей Деревянченко тұр.

Осы ұйым аясында жартылай орта салмақ санатында өнер көрсетіп жүрген Бақтияр Эюбов бір сатыға жоғарылап, 13 орында тұр.

Еске сала кетсек, 15 ақпан күні Бахтияр Малвэйнде (Канзас штаты, АҚШ) өткен жекпе-жегінде мексикалық Хосе Луис Родригеспен тең түскен болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel