RU
Сүйгеніне қатарынан 42 жыл ұсыныс жасаған қария 72 жасында дегеніне жетті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Сүйгеніне қатарынан 42 жыл ұсыныс жасаған қария 72 жасында дегеніне жетті

Рассказать Вконтакте

Колин Джонс пен Полина Янг 1976 жылы танысқан. Бір жыл бойғы кездесуден кейін ер азамат іздеген адамы Полина екенін түсінді. Бірақ әйел Колиннің тұрмысқа шығу туралы ұсынысын қабылдамапты. Осылай Полина жыл сайын Колиннің  отбасын құру туралы ұсыныстарынан бас тарта берген. 42 сәтсіздіктен кейін олар өздерінің қарым-қатынасын заңдастырып, некеге отырды хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Caters news agency

Фото: Caters news agency

Колин мен Полина алғаш рет балалардың ойын алаңында кездесіпті.

Ер азамат сүйгеніне бір көргеннен ғашық болғанын жеткізген.

Алғашында олар Англияның Уэльс қаласында тұрған, бірақ 14 жыл бұрын Полина Мальтаға көшіп кетуге шешім қабылдайды. Онда ғашықтар кішігірім қонақ үй ашып, бірге жұмыс істепті.

"Біз 43 жыл бойы бірге болдық. Көптеген жұптар осылай дейді, бірақ олар бір-бірін қанша уақыт көреді?

Жұмысқа барар алдында бір сағат және жұмыстан кейін бір сағат. Ал біз бірге өмір сүріп, бірге жұмыс істедік",- деді Колин.

Қариялардың айтуынша, адамдар уақытты бірге өткізген кезде ғана бір-бірінің мінезіндегі кемшіліктерді байқайды.

Колин мен Полина заңды түрде некеге тұрмаса да, өмір бойы бірге тұрып, бір-бірін жақсы түсініп келді. 

Фото: Caters news agency

Фото: Caters news agency

Соңғы кезде әжейдің денсаулығы сыр бере бастапты.

Содан қос ғашық дәрігермен кеңесуді шешкен.

Дәрігерлер әйелдің қауіпті ауруға шалдыққанын айтады.

Диагнозды естігеннен кейін Колин мен Полина өз отандарына оралуға шешім қабылдайды.

Полинамен бірге тұрған уақытында Колин оған 42 рет тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасап, 42 жыл бойы жары болуын сұраған.

Қария үмітін үзгенде, 43-ші ұсынысты Полинаның өзі жасады.

42 жыл бойы "иә" деген жауапты күткен Колин бұл ұсынысты естігенде таңғалғаннан төсектен құлап кете жаздапты.

Содан олар үйлену тойларын әулие Валентин күнінде қарттар үйінде жасауға шешім қабылдады.

Осылайша 42 жыл бойы бір-бірінен айырылмаған қарттар некелерін заңдастырды.

Қарттар үйінің әкімшілігі күйеу жігіт пен қалыңдыққа сыйлық жасап, олардың құрметіне қабылдау ұйымдастырды.

Фото: Caters news agency

Фото: Caters news agency

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel