RU
Қытайда қазақстандық бойжеткен қамауға алынды
Жаңалықтар Әлемде

Қытайда қазақстандық бойжеткен қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан азаматшасы 27 ақпан күні Қытайдың Чжэнцзян провинциясында тұтқындалған. Сыртқы істер министрлігі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қытайда қазақстандық бойжеткен қамауға алынды

Көрнекі фото: ТВ Центр

«27 ақпанда Чжэцзян провинциясының құқық қорғау органдары қазақстандық азаматша Юлия Ходеваны ұстады. Ол есірткі құралдарын сақтау және тарату бойынша күдіктелуде», - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

СІМ мәліметінше, еліміздің Шанхайдағы Бас консульдығы оның туыстарымен байланысқа шыққан, оларға консульдық-құқықтық кеңес берілген, атап айтқанда жергілікті адвокаттар ұсынылған.

«Юлия Ходева тарапынан қамаудағы жағдайына және денсаулығына байланысты шағымы жоқ. Тергеу үш айға дейін созылуы мүмкін. Дипломаттар мәселені өз бақылауына алды», - деді ол.

Бұған дейін бойжеткеннің анасы Оксана Ходева БАҚ-қа қызы Юлия Қытайда алты жылдан бері жүргенін мәлім еткен болатын. Ол Хуанчжоу қаласындағы Технологиялық университетте оқиды. Оның диплом алуына екі ай ғана уақыт қалған. 

Сіздің реакцияңыз
0
2
2
6
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel