Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында өткен келіндер шеруі жұртты таңдай қақтырды (видео)

Опубликовано:

Маңғыстау облысының Жынғылды елді мекенінде қазақ дәстүрлеріне арналған шара өтті. Қазақы нақышта өткен мерекелік жиынға 300 әйел адам қатысты деп хабарлайды Лада сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Маңғыстау облысында өткен келіндер шеруі жұртты таңдай қақтырды (видео)
Коллаж:Видеодан скриншот: Facebook

Маңғыстау облысының Жынғылды елді мекенінде «Мен - әйелмін, әлемнің анасымын» атты мерекелік шара өтті.

"Қыз баланы тәрбиелеу өте маңызды. Анасы қызына ұлттық рухты, инабаттылықты, бірегейлігімізді, өмір салтын үйретеді. Әйел адамдар «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» деген ұранмен өмір сүруі керек. Қазір Еуропаға еліктеу көп. "Бұл бізге керек емес, сендердің замандарыңда солай болған шығар" дейтіндер бар. Бірақ тұрмыста ұлттық құндылықтар сақталуы тиіс, - деді Маңғыстау облысы іскер әйелдер палатасының төрайымы Сәуле Салихова.

Әйел адамдар желі қолданушыларының назарына түскен. Көпшілік келіндер шеруі қайда өткенін сұрады.

"Бұл қандай ауыл?", "Қандай керемет рухани шара", -деп таңданды ғаламтор олданушылары.

Шара барысында келіндері, қыздары, немерелері үйдің үлкендеріне алғысын айтып, ілтипаттарын білдірді. Әжелер тәжірибесімен бөлісіп, қыздарға тоқуды, жүн түтуді, ұршық иіруді, шаш өруді және көптеген басқа нәрсені үйретті.

Осындай шараны Ақтау қаласында өткізу жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782580-magystau-oblysynda-tken-kelinder-serui-zrtty-tadaj-kaktyrdy-video/

pixel