Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемен полицейлері көпірден секіріп кеткен бойжеткенді құтқарып қалды

Опубликовано:

Өскеменде патрульдық қызмет полицейлері өзіне қол жұмсамақ болып, көпірден секіріп кеткен бойжеткенді құтқарды деп хабарлайды Ustinka.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өскемен полицейлері көпірден секіріп кеткен бойжеткенді құтқарып қалды
Көрнекі фото:sputnik.by: Getty Images

Оқиға 8 наурыз күні күндізгі 11 шамасында болған.

Патрульдық полиция қызметкерлері капитан Дәурен Оразбаев пен кіші лейтенант Азамат Жылқышынов өзеннен ес-түссіз бойжеткенді өз күштерімен алып шықты.

Олар әйел адамға алғашқы көмек көрсетіп, оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Қазір бойжеткенді мұндай қадамға не итергенін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар оған қажетті психологиялық көмек көрсетуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1782582-skemen-policejleri-kpirden-sekirip-ketken-bojzetkendi-ktkaryp-kaldy/

pixel