RU

Астанадағы сауда үйінде бойжеткеннің үстіне пальма құлап кетті (видео)

Астанадағы сауда үйлердің бірінде қайғылы оқиға орын алды. Бойжеткеннің үстіне пальма ағашы құлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанада сауда үйінде бойжеткеннің үстіне пальма құлап кетті (видео)
Фото: Видеодан скриншот: Instagram

Жантүршіктірер видео Instagram-дағы incident_astana паблигінде жарияланған. 

Оқиға Астана қаласының ірі сауда үйінде орын алған тәрізді.

Видеодан эскалатордың үстінде қозғалмай жатқан бойжеткенді көруге болады. Үстінде жоғарыдан құлаған пальма ағашы жатыр.

Оқырмандар әртүрлі пікір қалдырған.

Біреулер ағаш төртінші қабаттан құлады деп жазған.

Ескерту! Видеода адамға қатты әсер ететін кадрлар болғандықтан, оны кәмелеттік жасқа толмағандарға, жүкті әйелдерге және әсершіл адамдарға көруге болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1782590-astanadagy-sauda-jinde-bojzetkenni-stine-palma-klap-ketti-video.html