RU
Элизабет Тұрсынбаева қысқы универсиадада күміс жүлдені еншіледі
Жаңалықтар Спорт

Элизабет Тұрсынбаева қысқы универсиадада күміс жүлдені еншіледі

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Краснояр қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада қыздар арасында мәнерлеп сырғанаудан бақ сынаған қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Қысқа бағдарламадан кейін 67,57 ұпай жинаған отандасымыз төртінші орында тұрған. Алайда ол еркін бағдарламада өте жақсы деңгейде шеберлігін көрсетіп, екі жеке рекордын жаңартты.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы еркін бағдарламада 147,20 балл еншіледі.

Қос бағдарламаның қорытындысымен ол 214,77 балға қол жеткізіп, қысқы универсианың күміс жүлдегер атанды. 

Чемпион атағына жапон қызы Маи Махара ие болса, ресейлік Станислава Константинова қолаға қол жеткізді.

Элизабет енді әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр. Аталмыш жарыс наурыздың 18 мен 24 аралығында Жапонияда өтеді.

Еске сала кетейік, АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен "Төрт құрлық чемпионатында" Элитзабет күміс жүлдесіне қол жеткізген болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
18
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel