RU

Ауласында жүгіріп жүрген елесті көрген отбасының зәре-құты қашты (видео)

Англияның Линкольншир графтығының 39 жастағы тұрғыны Аманда Пападопулус бейне бақылау камераларының жазбюасын көріп, зәре-құты қашқан. Ауласында айнала жүгірген белгісіз бір лес анық көрінген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ауласында жүгіріп жүрген елесті көрген отбасының зәре-құты қашты (видео)
Фото: Amanda Papadopoulos: Instagram

Аманда Пападопулос отбасымен бірге жаңа үйге жақында көшіп келген.

Сұмдық кадрларды көрген келіншек, бұл үйде жүргізілген құрылыстың шуына ашуланған бала деген болжам жасады.

1903 жылы тұрғызылған үйлерінің ғимаратында бұрын мектеп болған екен.

Аманданың сөзінше, күйеуі мен балалары бұрын да біртүрлі дыбыстар естіген екен. Мысалы, сарбаздардың саппен жүрген дыбысын естіген. Ал бір жолы оларды баланың күлкісі оятқан. Бірақ олардың балалары бөлмелерінде ұқйықтап жатқан.

"Естіген кезде, шынымен естіп тұрмын ба, әлде есімнен адаса бастадым ба" деп ойладым. Сол түні қызым да оянып кетті", - деп есіне алды Аманда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1782619-aulasynda-zgirip-zrgen-elesti-krgen-otbasyny-zre-kty-kasty-video.html