Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсәуле Бақытбек пен ғашығының үйлену тойы қалай өтті? (фото, видео)

Опубликовано:

250 мың долларға көйлек тіктіріп, ұзату тойын дүркіретіп өткізген Айсәуле Бақытбек тағы да ел назарына түсті. Күні кеше Алматы қаласында оның сүйіктісі Әлішермен шаңырақ көтеру тойы өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

рараар
Фото: Instagram: Instagram

Атышулы продюсердің қызы бұл жолы құны қымбат той көйлегін таңдаған сыңайлы. Желіде тарап кеткен суреттер мен видеолардан оны анық аңғаруға болады.

Баян Мақсатқызының өзі тұңғышының аяғындағы туфлиі де арзан дүние емес екенін көрсетіп, видеоға түсірген.

Желіде жарияланған тағы бір видеодан беташар сәтін тамашалауға болады. Онда Айсәуленің беті тек қалыңдықтың фатасымен жабулы тұрғаны көрінеді. Сондай-ақ, келін атанған бойжеткен "кі езуі құлағына жеткенше" жымиып тұрғаны үшін сынға қалды.

Сонымен бірге, көпшілік тойды заманауи стильде өтті деп болжады. Оған күйеу жігіт пен Айсәуленің ортада бидің түбін түсірген видеосы дәлел болатындай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782654-ajsule-bakytbek-pen-gasygyny-jlenu-tojy-kalaj-tti-foto-video/

pixel