RU
Қостанай облысында әйел адам өз үйінде таң атпай өртеніп кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанай облысында әйел адам өз үйінде таң атпай өртеніп кетті

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысындағы аудандардың бірінде қайғылы жағдай орын алды. Тілсіз жау салдарынан әйел адам өз үйінде тірідей өртеніп кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

оооор

Көрнекі фото: pixabay.com

Әулиекөл ауылындағы тұрғын үй таңға жуық өртке оранған. Бір сағатқа жуық уақыт бойы қызыл жалын сөндірілмеген.

Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар тек сағат 10-ға қарай қызыл жалынды ауыздықтай алыпты.

Өкінішке орай, үй қожайының денесі өрт сөндірілген соң табылған. Ол үйдің ішінде тірідей жанып кетіпті.

Арнайы мамада өрттің себебін әзірге атамаған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Марқұм әйелдің мәйіті сараптамаға жіберілген.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel